Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда мешіт қызметкеріне қажылыққа жолдама берілді

Атырау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі amin.kz 18.10.2022 4057 0 пікір
Атырауда мешіт қызметкеріне қажылыққа жолдама берілді

Мәуліт айына орай орталық «Иманғали» мешітінің бастамасымен Атырау қаласында өткен рухани кеште мешіт қызметкеріне ерекше сый берілді.

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Иманғали» орталық мешітінде қызмет етіп келе жатқан Амантай Саудабаевқа ұмра қажылығына жолдама берді. Қажылық сапар ҚМДБ «Tawaf travel» компаниясы арқылы ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Атырауда «Өнер қырандары» театрының қатысуымен мерекелік кеш өтті. Кешке Атырау облысының бас имамы, ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, имамдар мен қала тұрғындары қатысты. Қарилар Мәуліт жырын оқып, театр артистері өмірден алынған өнегелі қойылымдарын көпшілікке ұсынды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру