Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«КІТАП АЛ ДА, САУАП АЛ!»

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 16.10.2022 3024 0 пікір
«КІТАП АЛ ДА, САУАП АЛ!»

Нұр-Мүбарак университетінде көпшілікке қуаныш сыйлаған көрме өтті. «КІТАП АЛ ДА, САУАП АЛ!» деген ұранмен өткен ерекше кітап көрмесі жамағатқа тың серпіліс сыйлады.

Кітап көрмесіне қатысушылар Нұр-Мүбарак университетінің құрылысына атсалысып қана қоймай, болашақ дін мамандарына, ислам ғылымының дамуына үлес қосатын жамағат өздеріне сырты шартты атаулармен аталған кітапты таңдап алды.

Сауапты шараның ұйытқысы болған Нұр-Мүбарак университеті кітапханасының меңгеруші Алтынгүл Тоқан: «Мақсатымыз – университеттің дамуына, жаңа құрылысына атсалысып қана қоймай, жамағатты кітап оқуға жұмылдыру. Себебі кітап – құнды қазына, ол жерде ғасырлардан бері мұра болған білім жатыр. Біз өркениетті болашаққа білімді, саналы ұрпақ арқылы жете аламыз», – деді.

«Артық білім – кітапта» деген дана Абайдың сөзіне сай, көпшілікті кітап оқуға,  кітапқа деген құрметті арттыруға үндейтін бұл жәрмеңкеге жамағатпен қатар студенттер де өз үлесін қосты. Шағын болса да арқалаған жүгі нардай болған шараның хикметі де мол.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру