Атырау облысына жұмыс сапары аясында ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров Еркінқала ауылынан ашылған Қайтпай сұлтан мешітіндегі қайырымдылық шарасына қатысты.
Қайырымдылық шарасы аясында 50 мұқтаж отбасына бірінші қажеттіліктегі азық-түлік таратылды. «Халқымыз «Қайырымдылық – қайырлы іс» деп бекер айтпаған. Қайырымдылық – ҚМДБ жұмысының бір бағыты. Имамдарымыз осы жолда аянбай қызмет етіп келеді. Ізгі шараға атсалысқан жандардың барлығына Алла разы болсын!» деді наиб мүфти.
Азық-түлік үлестірілген қайырымдылық шарасы көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен шаңырақтарды қамтыды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
16.10.2022
2663
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру