Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Бас имам медресе шәкірттерімен жүздесті

medrese.kz 14.10.2022 3335 0 пікір
Түркістан: Бас имам медресе шәкірттерімен жүздесті

Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов Сарыағаштағы «Әбішұлы Сатыбалды» мешітінде шәкірттермен жүздесті.

Бас имам «Сарыағаш» медресе-коддеджінің студенттеріне Әбу Ханифа мәзһабы және оның ерекшеліктері жайлы түсіндіріп, қазіргі таңда маңызды мәселелердің біріне айналған жат ағым, мәзһабсыздық, мәзһабты мойындамау тақырыптары аясында уағыз-насихат жүргізді.

Сондай-ақ рухани әңгіме барысында болашақ дін мамандарына мотивация сыйлап, өзінің көпжылдық тәжірибесін бөлісті. Студенттерге батасын беріп, білім жолында сәттілік тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру