18 қазан – Рухани келісім күні қарсаңында «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысындағы жауапты өкілі Мирас Касимов қаладағы «Хоспис» қарттар үйін зиярат етті.
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті «Хоспис» қарттар үйіндегі науқас жандарға қайырымдылық жасап, зиярат етуді жылдағы үрдіске айналдырған.
«Панасыз, әрі ауру-сырқау қарияларға жәрдем беру – аса сауапты іс. Оларға үнемі қамқорлық жасап тұрамыз. Биыл «Зекет және қайырымдылық» қоры атынан қарияларға азық-түлік пен керек-жарақ заттар үлестірдік» дейді Мирас Эрланұлы.
Қариялар өз кезегінде облыстық мешіт тарапынан үнемі көмек жасалатынын айтып, ризашылық білдірді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
ihsan.kz
13.10.2022
3304
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру