Қостанай облыстық мешітінің бас имамы Бахытбек Тәжімбет пен наиб имам Бақытжан Икрам Федоров ауданында іс-сапарда болды. Олар бірқатар мекемелер қызметкерлерімен өзекті мәселелер бойынша кездесулер өткізді.
Имамдар алдымен аудандық ауруханаға ат басын бұрып, ақ халатты абзал жандармен жүздесті. Кездесуде «Байлық байлық емес, бірлік – байлық» тақырыбы әңгімеге арқау болды. Қоғамның басты байлығы – адам болғандықтан, олардың денсаулығын сақтауда дәрігерлер мен медбикелердің сіңіріп жатқан елеулі еңбектері жайлы айтылды.
Сондай-ақ сапар барысында Бахытбек Нұрғабылұлы Федоров селосында орналасқан ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепте болып, «Ынтымақ – елдің ырысы» тақырыбында өткен жиынға қатысып, ұстаздарды толғандырған сауалдарға жауап берді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
13.10.2022
2754
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру