Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Мешіт имамдары қан тапсырды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 12.10.2022 4077 0 пікір
Шымкент: Мешіт имамдары қан тапсырды

ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігінің ұйытқы болуымен шаһардағы Қан орталығында «Өмірге үміт сыйла» атты игі іс-шара ұйымдастырылды.

Рухани келісім күніне орай ұйымдастырылған қайырымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы бастаған дін қызметкерлері мен ерікті топ мүшелері қатысты.

«Шариғат қағидасы бойынша қан тапсыру – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті саналады. Әрі сауапты амал болып табылады» деді бас имам Бақдәулет Нұрматұлы.

Айта кету керек, игі шараға 100-ден астам мешіт қызметкері қатысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру