Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда Мәулітке орай рухани кеш өтті

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 12.10.2022 2789 0 пікір
Атырауда Мәулітке орай рухани кеш өтті

Атырауда «Иман» мешітінің ұйымдастыруымен Мәуліт кеші өтті. 

200-ге жуық адам қатысқан рухани кеште Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен ғибратты әңгіме айтылды.

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Пайғамбарымыздың өмірі күллі мұсылман қауымы үшін өнеге екенін атап өтті.

«Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбетіне құлшылық пен тіршіліктің озық үлгісін көрсеткен жан. Ата-ана, отбасы, Отан, досты сыйлау, бауырмашылдықты сөзімен де, ісімен де көрсете білді. Сондықтан көп салауат айтып, Пайғамбарға құрмет көрсетуіміз керек» деді бас имам.

Жиын барысында ақсақалдар тілектерін білдіріп, мешіт ұстаздары уағыз айтты. Қарилар Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір тарихын оқып жамағатқа ерекше көңіл-күй сыйлады.

Кеш қорытындысында Мәуліт мерекесі қарсаңында өтетін іс-шаралар таныстырылды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру