Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Жаңа бас имам жиын өткізді

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі ihsan.kz 11.10.2022 4662 0 пікір
Қарағанды: Жаңа бас имам жиын өткізді

Жақында ғана Қарағанды облысы бойынша бас имамы қызметіне тағайындалған Естай Әбдіғали мешіт ұжымымен алғашқы жиынын өткізді. Қарағанды облысының «Әнет баба» орталық мешітінде өткен басқосуға наиб имамдар мен ұстаздар және басқа да қызметкерлер қатысты.

Жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен жеті бағыт бойынша қызмет атқару мәселелері сөз болды. Атап айтсақ, ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие, ихсан ілімі, дін мен дәстүр және жат діни ағымдармен жұмыс.

«Бүгінгі күні әсіресе, өңірге қарасты шалғай мешіттермен тығыз байланыс орната отырып, ұжымдасқан түрде атқарылатын уағыз-насихат пен іс-шараларды жандандыру өте өзекті және кезек күттірмейтін мәселелердің бірі» деді Естай Айтуғанұлы. Сондай-ақ облыс бас имамы өкілдік бойынша жылдың қорытынды есебіне дайындық жұмыстарын пысықтауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру