Нұр-Мүбарак университеті жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының қатары жаңа қызметкерлермен толықты. Академия директорының орынбасары болып исламтанушы Ақниет Сәлімбайұлы, бас сарапшысы ретінде журналист әрі теолог Салтан Сайранұлы тағайындалды.
Ақниет Сәлімбайұлы Нұр-Мүбарак университетінде, Мысырдағы әл-Азһар университеті мен осы оқу орнының жанындағы «Дәр ул-Ифта» орталығының пәтуа бөлімінде білім алған. Мысырдағы «Талаба» студенттер қауымдастығының жетекшісі, Қазақстанның Мысырдағы елшілігі және ҚМДБ-ның Мысырдағы барша қазақ студенттерінің төрағасы болып қызмет атқарды.
Салтан Сайранұлы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен Түркияның Мармара университетін бітіріп, журналистика мамандығын алған. Шет тілдері және іскерлік карьера университетінде оқып, дінтану ғылымдарының магистрі атанды. Бүгінде Түркияның Қарабүк университетінде теология ғылымдарының докторанты. Салтан Сайранұлы бұған дейін «Жас Алаш», «Алаш айнасы» газеттерінде журналист, «Әзірет Сұлтан» мешітінде баспасөз хатшысы және muslim.kz сайтында редактор, сондай-ақ «Saf media» компаниясының директоры қызметін атқарды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
11.10.2022
3106
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру