Қостанай облысының Арқалық қаласындағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында футболдан облыстық ашық турнир өтті.
Жарысқа Арқалық, Рудный қалалары мен Амангелді ауданының және Амантоғай ауылы мен көршілес Ақмола облысының Жарқайың ауданының командалары қатысты. Турнир салтанатты түрде ел әнұранымен басталды. Одан ары Арқалық қаласы мен Рудный шаһарындағы «Нұр» мешіттерінің бас имамдары Нұрхан Асанұлы және Бектұрсын Торғайбайұлы жиналған жұртшылықты Мәуліт айымен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды Арқалық қаласының жамағаты иеленіп, оларға кубок пен 50 мың теңгенің сертификаты табысталды. Жүлделі екінші орынға Рудный қаласының «Нұр», үшінші орынға Амангелді ауданының «Сатыбалды ишан» мешіттерінің жамағаты ие болып, оларға 30 және 20 мың теңгенің сертификаты берілді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
11.10.2022
3108
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру