ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Хасан Аманқұл Ақмола облысының Степногорск қаласына жұмыс сапарымен барып, бірнеше кездесу өткізді.
РАНТ мүшесі алдымен жергілікті полиция басқармасының ұжымымен жүздесіп, оларға діни жат ағымның себеп-салдарлары жайлы айтып берді. Деструктивтік ағымның жетегіне ерген адамдармен күресудің жолдарын ортаға салды. Бұл мемлекеттің де қолға алар ісінің бірі екені анық. Құқық қорғау органдары да бұған өз үлестерін қосып келеді.
Ең бастысы, елдік мүдде басты орынға қойылып, ішкі қауіпсіздік мәселелері назарда ұсталуы тиіс. Қоғамдағы бірлік пен ынтымақ жарасым табуы үшін мұндай істен ешкім сырт қалмауы керек деген түйін түйілді.
Бөлім меңгерушісі сапар барысында мешіттегі намаздарға қатысып, жамағатпен әңгімелесті. Онда діни ағым мәселесі де айтылды. Мүфтияттың атқарып жатқан жұмыстары да тілге тиек етілді. Хасан Аманқұл намазхандар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Сондай-ақ Степногорск қаласындағы түзету мекемелеріндегі бас бостандығынан айрылғандармен кездесу барысында да дәстүрлі діннің құндылықтары жайлы терең әңгіме болды. Мұндағы адасушылыққа ұрынып, ақыры темір тордан шыққан жандарға қасиетті діннің қағидаттарымен ақыл-кеңес берілді.
Дәстүрге айналған әр аптаның бейсенбі күні ақшам намазынан кейін жайылатын «Бейсенбілік дастарханға» да РАНТ мүшесі арнайы қонақ болып, мешіт жамағатына уағыз-насихат айтты.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
nasihat.kz
10.10.2022
3059
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру