Ұстаздар мерекесінің құрметіне Атырау облысының орталық «Иманғали» мешітінде салтанатты шара өтті.
Облыс бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының бастамасымен мешіттерде шәкірт тәрбиелеп, Құран ілімдері мен діни дәрістер үйретіп жатқан әйел ұстаздарға құрмет көрсетілді.
«Сіздер әрі ана, әрі ұстаз болып отбасының да, діннің де қызметінде жүрсіздер. Атқарып жатқан жұмыстарыңыз сауаптан болады. Мешіт жанындағы сауат ашу курстарында білім алған шәкірттеріңіз қазіргі таңда медресе мен жоғарғы оқу орындарында білім алып жатыр. Біз үшін бұл үлкен абырой» деді Алтынбек Ұтысханұлы.
Мереке құрметіне ұстаздарға кітаптар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі
amin.kz
07.10.2022
3543
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру