Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу: Рухани Мәуліт кешін ұйымдастырды

Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі taglym.kz 07.10.2022 3260 0 пікір
Жетісу: Рухани Мәуліт кешін ұйымдастырды

ҚМДБ Жетісу облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында «Үммет сағынышы» атты рухани мәуліт кеші өтті.

Облыстың бас имамы Алмас Данағұловтың бастамасымен өткен шараға зиялы қауым өкілдері, абыз ақсақалдар мен ақжаулықты әжелер, сондай-ақ жастардан құралған мешіт жамағаты қатысты.

Сауапқа толы ізгі шарада Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сирасынан (өмірбаяны) сыр шерткен Мәуліт жыры оқылып, жиылған жамағат Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат, сәлем жолдады. Адамзаттың ардақтысы пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген күнінің құрметіне өткен рухани кеште жамағат арнайы жайылған ақ дастарханнан дәм татты.

Дін қызметкерлері рухани кештің өтуіне атсалысқан жомарт жандарға алғысын жеткізді. Алла елшісіне салауат жолдап, қарияларға құрмет көрсетіп батасын алған мешіт ұжымына келген қонақтар дән ризашылығын білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру