Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Исатай ауданында имамдар мәжілісі өтті

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 29.09.2022 4412 0 пікір
Атырау: Исатай ауданында имамдар мәжілісі өтті

Атырау облысының Исатай ауданында өңір имамдарының қатысуымен «Жат ағым – жарға жығады» тақырыбында жиын өтті.

Жиын барысында оңалту шаралары, ағартушылық бағыттағы жұмыстар, уағыз-насихат, жекелеген адамдармен жұмыс жүргізудің тәртібі талқыланды.

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жат ағымдармен күрестің ең басты тетігі рухани қуатты, білімді болу екенін айтты.

«Қазақ – ықылым заманнан мұсылман болған халық. Ата-бабаларымыздың дәстүрі, ділі, діні бір-бірімен астасып жатыр. Ұрпағын «Обал болады, ұят болады, үлкеннен бата ал» деп тәрбиелеген халқымыздың ұлттық тәрбиесі – үлкен мектеп. Жат ағымдармен күресте біз ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуді, діни білімімізді арттыруды басты мақсат етуіміз керек» деп атап өтті бас имам.

Жиын барысында Атырау облысы имамдарының жат ағыммен күрестегі кешенді жоспары нақтыланды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру