Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Қариялар бата беріп бақ сынады

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 28.09.2022 1847 0 пікір
Шымкент: Қариялар бата беріп бақ сынады

Шымкент қаласының «Айқап», «Ислам Нұры» және «Бибісара ана» мешіттерінде «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша ақсақалдар арасында бата беруден рухани байқау өтті.

Сайыстарға қала бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров бастаған дін қызметкерлері төрелік етсе, «Айқап» мешітінде өткен байқауға 13, ал қалған қос мешіттегі сайысқа 15 ақсақалдан қатысты.

«Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» демекші, ақсақалдар сұлу сөзден құралған дұға-баталарын арнап, сайыс сайын елдің амандығын тілеп отырды. Батаны ерекше жоғары деңгейде орындаған ақсақалдар байқаудың қалалық кезеңіне жолдама алды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру