Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Бас имам – Ұзынкөл ауданында

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 26.09.2022 2014 0 пікір
Қостанай: Бас имам – Ұзынкөл ауданында

Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы Ұзынкөл ауданына жұмыс сапарымен келіп, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Ол осы кездесуде «Ислам – Ынтымақ пен бірлік діні» тақырыбында насихат айтып, адамзатты бақытқа жетелейтін Ислам дінінің маңызды деп қарайтын мәселелерін тілге тиек етті.

«Қасиетті Құран аяттары мен хадис шарифтер бізді бөлініп ыдырамауға, тату болуға шақырады. Ислам діні кез келген дін өкіліне құрметпен қарайды және бейбіт өмір сүруге үндейді. Мұсылманның міндеті өзара ұрыс-керіс жасап өзгелерді діннен үркіту емес, керісінше бірлік пен ынтымақты дамыту арқылы дінін кемшіліксіз түрде жеткізе білу керек» деді бас имам.

Бұдан кейін Бахытбек Нұрғабылұлы көпшіліктің сұрақтарына тұшым жауап беріп, ары қарай Обаған ауылына жол тартты. Бұл ауылда бас имам жаңадап салынып жатқан мешіт құрылысын көріп, ауыл ақсақалдарымен жүздесті. Мешіт құрылысына қолдау көрсетіп жатқан барша азаматтарға ризашылығын білдіріп, батасын берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру