Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі – Орал өңірінде

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 26.09.2022 1690 0 пікір
РАНТ мүшесі – Орал өңірінде

РАНТ мүшесі, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы ақпараттық түсіндіру жұмыстарымен Батыс Қазақстан облысына арнайы іс-сапармен барды.

Атап айтқанда, Орал қаласында бірнеше кездесуге қатысып, облыстық орталық мешітте жамағатқа уағыз айтты. 

Сондай-ақ Орал медресе-колледжінің шәкірттерімен жүздесіп,«Діни білімнің маңызы және әдеппен байланысы» тақырыбында ой өрбітті. Одан өзге, «Шынайы мұсылманның сипаттары және көркем мінез» тақырыбында жамағатқа уағыз айтқан РАНТ мүшесі:

«Қияметте амал таразысында ауыр басатын амал – көркем мінез. Қандай амал жасасаңыз да мінезіңіз дұрыс болмаса, көп ісіңіз зая кетпек» деп мінез-құлықтың маңызын түсіндіріп өтті. Ал көпшілік тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, жұртшылықты мұсылманның көркем  сипаттарына әрдайым ұмтылуға шақырды.

Айта кетейік, Нұрлыбек Шакизадаұлы іс-сапары нәтижесінде 1600 адамға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру