Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ШЫМКЕНТ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНДЕ СЕМИНАР ӨТТІ

halaldamu.kz 25.09.2022 1742 0 пікір
«ШЫМКЕНТ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНДЕ СЕМИНАР ӨТТІ

ҚМДБ «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «Шымкент» медресе-колледжінің шәкірттеріне халал турасында оқу-семинарын өткізді. 

«Адал астың адам денсаулығына, құлшылығына тигізер ықпалы мол. Бұл жөнінде қасиетті Құран аяттары мен Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде де көптеп айтылады. Дұғамыздың қабыл болуы, деніміздің саулығы, ұрпағымыздың ұлағатты болуы – асымыздың адалдығына тікелей байланысты», – деген Айбек Асқарбекұлы «Халал Даму» қызметі, халал стандарт талаптары, тағамдық қоспалар жөнінде мағлұмат беріп, адал астың адам ағзасына тигізер әсері жөнінде баяндады.

Семинар соңында шәкірттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, дәріске қатысушылар «Халал Даму» мекемесіне алғысын білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру