Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Салттық қызметке қатысты семинар өтті

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 22.09.2022 459 0 пікір
Қарағанды: Салттық қызметке қатысты семинар өтті

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының өңірдегі жауапты өкілі Бақдәулет Қыдырбайұлының ұйымдастыруымен кезекті семинар-тренинг өтті.

Шараға Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы, «Қазыбек би» мешітінің имамы Ысқақ Рахимбекұлы және қала, аудан мешіттерінің молдалары мен салттық діни рәсімдерге жауапты дін қызметкерлері қатысты.

Семинарда «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының талаптары мен ережелері, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің пәтулары мен  «Зират және зиярат мәдениеті» құжаты негізінде жұмыс істеу қажет екендігі айтылды. Сондай-ақ салттық қызмет көрсету орталығының қазіргі уақытқа дейін атқарған қызметі талқыланды. Одан бөлек бірге қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауаптар берілді.

Жаназа және жерлеу рәсімдерін, зират және зиярат мәдениеті мен ас беру әдептерін бір ізділікке түсіру мақсатында ұйымдастырылған семинар барысында қатысушыларға «Жаназа және жерлеу рәсімдері», «Ақыретке иман» кітаптары тарту етілді.

Сонымен қатар «Қазыбек би» мешітінің жанынан жаңа мәйітхана ашылды.  Жаназа және жерлеу рәсімдерін бір ізділікке түсіру мақсатында ашылған салттық діни рәсімдер орындалатын ғимарат барлық талаптарға сай жабдықталған.

Салттық қызмет бойынша жауапты өкіл Бақдәулет Қыдырбайұлы облыс бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы мен семинарға қатысушы дін қызметкерлеріне арнайы орынды таныстырып, барлық жөн-жоралғы ережелер мен талаптарға сай өткізілетінін тілге тиек етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру