Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ғазиз Ахмет – Қызылжар өңірінде

СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі uagyz.kz 21.09.2022 1903 0 пікір
Ғазиз Ахмет – Қызылжар өңірінде

Өткен аптада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты РАНТ мүшесі, Тараз қаласындағы «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Ғазиз Ахмет арнайы іс-сапармен Қызылжар өңірінде болды.

Ғазиз Нұртайұлының өңірге сапары «Қызылжар» орталық мешітінен басталды. Қала, аудан бас имамдарының біліктілігін арттыру мақсатында «Құран және хадис аятындағы жиһад ұғымы» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Бұдан кейін орталық мешітте ауызашар дастарқанына жиналған жамағатқа «Шыншылдық» тақырыбында тағылымды уағыз насихат айтты. Сонымен қатар осы мешітте қала, аудан, ауылдан жиналған жамағатқа білімнің маңыздылығы жайында уағыз жүргізіп, олардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді.

Одан бөлек РАНТ мүшесі «Қызылжар» телеарнасының «Руханият» бағдарламасына «Тәкаппарлық – екі дүние кесірі» тақырыбында сұхбат берді. Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде «Еңбек – ырыс қазығы» тақырыбында жұма уағызын жүргізіп, кешкілік Тайынша ауданындағы мешітте ақшам намызына жиналған жамағатқа уағыз айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру