Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Мешіт ауласынан құдық қазылды

Маңғыстау аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 20.09.2022 2351 0 пікір
Маңғыстау: Мешіт ауласынан құдық қазылды

Жаңаөзен маңындағы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахун Тұрмағамбетұлы» мешітінің ауласынан арнайы құдық қазылды.

«Жергілікті жамағаттың қолдауымен жүзеге асып жатқан бұл жоба уақып ретінде тіркелмек. Бұл құдықтан алынған су мешіт жанында егілген бақшаны суаруға және құлшылық үйінің қажеттілігі үшін пайдаланылады» деді мешіт имамы Мангалбай Шахабуддин.

Өздеріңізге мәлім, уақып садақасының сауабы сарқылмайды және адам баласы өмірден өткеннен кейін де артынан (сауабы) барып тұрады. 14 ғасыр бойы сауабы әлі күнге дейін үзілмей келе жатқан Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабасы Осман ибн Аффанның (оған Алла разы болсын) уақып садақасы бар. Медина қаласында орналасқан бұл құдықты Осман ибн Аффан (оған Алла разы болсын) яһудиден қомақты сомаға сатып алып, мұсылмандарға сол құдықтан суды тегін алуға рұқсат берген. Ендеше, Алланың үйіне қызмет ету үшін арнайы қазылған құдық ғасырлар бойы сансыз сауап әкеледі деп тілейміз!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру