Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ұстаз Ардақ Бағдалқызы интерактивті тақта арқылы дәріс өткізді.
Ұстаз мультимедиалық электрондық оқыту құралдарының бірі ретінде интерактивті тақтаны қолдану арқылы сауат ашу курсындағы «Әліппе» тобы мен жалғастырушы топта оқитын «Тәжуид ережесі» тобының шәкірттеріне сабақ түсіндірді. Сонымен қатар облыстық мешіттің ұстазы Ардақ Бағдалқызы «Әдеп» сабағында «Ата-ана алдындағы әдеп» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Шәкірттер облыстық мешіттегі жаңа мультимедиалық құрал арқылы өткен дәрісті ерекше ықыласпен қабылдап, мешіт басшылығы мен ұстаздарына алғысын білдірді.
Айта кетсек, жуырда «Нұр Ғасыр» мешітінде жаңа оқу жылының басталуына орай әйелдердің заманауи дәрісханасы ашылған болатын.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
20.09.2022
2996
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру