Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақ үйінің Grand Ballroom залында ҚМДБ Алматы қалалық өкілдігі мен ҚМДБ Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Әсем киім әлемі» мұсылман әйелдердің сән байқауы өтті.
ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы мен Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы сән байқауының салтанатты ашылуында сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.
Сән байқауына ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгеруші Динара Құтқожа, стилист-моделер Фарида Мерхамитқызы, дизайнер Әлия Мәжитқызы, әйел денсаулығы бойынша маман, «Алматы әйелдер орталығы» қыз-келіншектер дамыту академиясының негізін қалаушы Лаура Сейітбек және эстрада жұлдызы, әнші Индира Елемес қазылық жасады.
Байқауға қатысуға 20-дан астам дизайнер өтініш білдіріп, ұйымдастырушылар талабына сай деп танылған 13 дизайнердің топтамасы сайысқа қатысуға жолдама алды. Қазылар алқасы барлық шарт пен талапқа сай дизайнерлерді анықтады. Киімдер көрсетілімі барысында кимешек шеруі, мектеп киім үлгісі, спорттық киім топтамалары мен сәндік киім үлгілері көрермен қызығушылығын арттырды. Байқау нәтижесі бойынша І-орынға «ZUFA» атауымен дизайнер Зулфия Ақатаеваның сәндік киімдер топтамасы, ІІ орынға «Sister stil» атты стилист Жұлдыз Шарипованың дизайнерлік бас киімі мен киім үлгілері топтамасы, ІІІ орынға «Даналық» сәнді киімдер топтамасын қалыптастырушы Дана Тұрарбекке болды.
Республикалық деңгейде елордада өтетін дүбірлі сән сайысына Алматы қаласы атынан «ZUFA» атауымен дизайнер Зулфия Ақатаеваның сәндік киімдер топтамасы қатысады.












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
azan.kz
20.09.2022
3516
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру