Атырау облысы Махамбет ауданының Таңдай ауылында сыйымдылығы 150 орынға шақталған мешіт ашылды.
Заман талаптарына толықтай жауап беретін мешіт ерлер және әйелдер залы, дәрісхана, Құран оқитын бөлме, асхана, таһаратханамен қамтамасыз етілген. Сонымен бірге, мешіт жанынан 100 орындық асхана салынған.
Зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар, жергілікті ауыл тұрғындары жиналған іс-шараға Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қатысып, Таңдай жұртшылығын мешіттің ашылуымен құттықтады.
«Мешіт – тәрбиенің ошағы. Азаны бар ауыл азбайды. Мешіт жастарымызды имандылыққа тәрбиелейтін, жұртшылықты ізгі істер жолында біріктіретін ордаға айналады деп сенемін» деген бас имам мешітті салуға демеушілік жасаған Нұржан Ахановқа ризашылығын жеткізді.
Шара аясында Алтынбек Ұтысханұлы жұртшылыққа Таңдай ауылы мешітінің жаңа имамын таныстырды. Жаңа мешітке бұған дейін Атырау қаласындағы «Сұлтан Бейбарыс» мешітінде азаншы болып қызмет атқарған Ержан Жақсығалиев имам болып тағайындалды.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі
amin.kz
19.09.2022
3737
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру