Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу: Имамға «Құрметті азамат» атағы берілді

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 19.09.2022 2869 0 пікір
Жетісу: Имамға «Құрметті азамат» атағы берілді

Жетісу облысы Текелі қаласының 70 жылдық торқалы тойына орай шаһардың мәдениет, руханият саласына еңбегі сіңген белсенді тұрғындарына құрметті азамат атағы берілді.

Солардың қатарында ҚМДБ Жетісу облыстық өкілдігіне қарасты қалалық «Тәубе» мешітінің бас имамы Керімбек Сәрсенбайұлы да бар. Дін қызметкері қаладағы діни сауаттылықты арттыруға қосқан үлесі үшін және қалалық мешіттегі 10 жылдық қызметі үшін «Текелі қаласының құрметті азаматы» атағымен марапатталды.

Шараға қала әкімі Алмас Қабдулұлы, аудан басшылары, ардагерлер ұйымц басшылары, қала тұрғындары қатысты. Имамның ерен еңбегі еленіп, халық алғысына бөленді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру