Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мешітте балалар қуанышқа бөленді

Республикалық бас мешіттің баспасөз қызметі 14.09.2022 2626 0 пікір
Бас мешітте балалар қуанышқа бөленді

ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітте мектеп оқушыларын қолдау мақсатында қайырымдылық шарасы өтті.

Елордада күн ерте суытатындықтан бұл жолы балаларға жылы киімдер берілді. Қанат Қыдырмин бастаған мешіт имамдары жомарт жандардың демеушілігімен елордалық 84 оқушыны қуанышқа бөлеп әрі зәулім ғимарат тынысымен таныстырды.

Сәулеті келіскен әлемдегі ең үлкен мешіттердің біріне қонақ болған балалар риясыз ризашылығын білдіріп, мешіттің төменгі қабатында орналасқан асханадан алғашқылардың бірі болып дәм татты. Дастарқан басында ерекше көңіл-күйге бөленген балалар өлең оқыса, ата-аналары ізгі ниетін жеткізіп, мешіт имамдары мен барша демеуші азаматтарға алғысын білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру