Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Баспана табыс етілді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 09.09.2022 3052 0 пікір
ШҚО: Баспана табыс етілді

«Зекет және қайырымдылық» қоры ШҚО өкілдігінің ұйтқы болуымен Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында тұратын мұқтаж отбасыға баспана берілді.

«Ел үлесі – пәтерге» жобасының 583-баспана кілтін қордың ШҚО-дағы өкілі Берік Кәдірұлы табыс етті.

«Бұл баспана жанашыр азаматтардың зекетінің негізінде салынып берілді. Мұқтаждарды қуанту, жақсылық жасау – Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ардақтаған ең бір сауапты істерінің бірі. Отбасы үшін баспананың орны ерекше. Біз әрдайым мұқтаждарға қол ұшын беру бағытында нақты іспен айналысудамыз» деді Берік Кәдірұлы.

Баспана иесі де өз кезегінде жанашыр азаматтарға алғыс айтып, ризашылығын жеткізді. Ал жаңа пәтерге әжелер шашу шашып, қариялар үй иелеріне ақ батасын берді.  

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру