Павлодар облысы имамдарының ұйымдастыруымен қала маңындағы «Сосновый бор» демалыс алаңында қала, аудан, ауыл мешіттерінің жамағаты бас қосты.
Басқосуға облысқа қарасты барлық ауыл, аудан, қала мешіттерінің имамдары мен мешіттің белсенді жамағаты түгелдей қатысты. Алдымен өзара танысып, көрісу-білісу рәсімдері өтіп, уағыз айтылды. Келесі кезекте әртүрлі спорт түрінен достық кездесу шаралары өткізілді. Соңында берекелі дастарқан жайылып, ас берілді.
Облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлы: «Бұл шара имамдардың бастамасы арқылы арнайы ұйымдастырылды. Екі жүзге жуық жамағат белсене келіп, шараға қатысуда. Басқосудың негізгі мақсаты облыс мешіттерінің жамағатының өзара танысып, білісу арқылы олардың ынтымағы мен береке-бірлігін нығайту болмақ. Әрбір аудан, ауылдың белсенді де білімді жамағатының өзара білісуіне мешіт тарапынан себепкер болуымыз – үлкен сауапты іс. Сонымен қатар алдағы уақытта мешіттердің түрлі қоғамдық және қайырымдылық іс-шараларына және олардың өздері ұсынған игі бастамаларына қолдау білдіруге мол ықпалын тигізеді деп сенемін» деді.
Сөз соңында бас имам мұндай шаралардың түрлі форматта жалғасын табатынын хабарлады.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
mazhab.kz
08.09.2022
2658
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру