Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Көксу ауданындағы келелі жиын

Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 08.09.2022 2578 0 пікір
Көксу ауданындағы келелі жиын

Жетісу облысының бас имамы Алмас Данағұлов Көксу ауданының әкімі Мәрлен Қапашұлымен кездесті. Жүздесу барысында өңірдің діни ахуалы, соңғы жылдары ауданда атқарылған жұмыстар талқыланды.

Өңір имамы мүфтияттың жұмыс жоспарына сай дін мен дәстүрді ұштастырып жұмыс істеудің тиімділігі жайында сөз қозғап, осы тұрғыда жанашырлық танытып келе жатқан аудан басшысына ризашылығын білдірді.

Кездесуден кейін Көксу ауданы әкімдігінің ғимаратында аудан және ауыл имамдарының қатысуымен жиын өтті. Жиында ауыл имамдарының жұмысқа қатысты ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Аудан басшысы Мәрлен Қапашұлы алдағы уақытта тіркелмеген мешіттерді тіркеу, қысты күндері отын түсіру, кейбір ауыл имамдарының жалақы мәселесіне, сондай-ақ ауыл мешіттерінің жөндеу жұмыстарына қолдау білдіретінін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру