Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Қостанай облысына көмек жедел штабқа жеткізілді

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 07.09.2022 2778 0 пікір
Маңғыстау: Қостанай облысына көмек жедел штабқа жеткізілді

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешіті Қостанай облысына арналған көмектің алғашқы легін ұйымдастырды.

Облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлының бастамасымен тілсіз жаудан зардап шеккен азаматтарды қолдау мақсатында күзгі киім-кешектер жинақталып Ақтау қаласындағы жедел штабқа жеткізілді.

Құрметті жамағат! Қостанай облысындағы жағдайларда зардап шеккен азаматтарға киім-кешекпен, азық-түлікпен немесе қаржылай тұрғыдан көмектесемін десеңіздер Ақтау қаласы, 17 шағын ауданның 50/1 ғимаратында орналасқан штабқа барсаңыздар болады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру