Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданына қарасты Сайөтес ауылының азаматы жомарттық танытып, өз иелегіндегі құдықты «Уақып» қорына тапсырды.
Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеткен хадистерде мұсылман баласы дүниеден өткен жақындарының атынан ізгі іс, сауапты амалдар жасаса, Алланың қалауымен марқұмдардың дәрежесінің өсуіне септігі тиетіні баяндалған. Осы орайда Сайөтес ауылының тұрғыны адамзаттың асылынан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеткен хадистерге амал ету мақсатымен арнайы құдық қазып, оны әкесінің атынан мешіт жанында егілген бақты суаруға және құлшылық үйінің қажеттілігі үшін уақып етті.
Өз кезегінде ҚМДБ «Уақып» қорының Маңғыстау облысы бойынша өкілі Іздібай Бегенұлы жомарт жанның аманатын қабыл алып, жергілікті халық атынан алғыс айтты.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ «Уақып» қоры
waqf.kz
07.09.2022
2716
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру