Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ата-аналар білім күні медресемен танысты

Сарыағаш медресе-колледжінің ресми сайты medrese.kz 02.09.2022 3911 0 пікір
Ата-аналар білім күні медресемен танысты

2022-2023 жаңа оқу жылының басталуына орай Түркістан облысындағы «Сарыағаш» медресе-колледжінде салтанатты жиын өтті.

Оқуға қабылданған жас талапкерлердің ата-аналары «Сарыағаш» медресе-колледжін аралап көріп, ішкі тәртіп ережелерімен танысты.

Еліміздің әр аймағынан 400-ге жуық ата-ана қатысқан жиында медресе-колледж директоры Дінмұхаммед Сманов салтанатты шараға қатысушыларды 2022-2023 жаңа оқу жылымен құтықтап, оқу жүйесі, білім беру мазмұны, студенттердің тәртіп ережелері т.б. мәселелерді кеңінен түсіндірді. Ата-аналар да өздерінің пікірлерін білдіріп, көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды.

Сөз соңында жас талапкерлерге дұға тілеп, Абдуғаппар Шәкірұлы атындағы рухани орталықта  ата-аналарға арнайы ас берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру