ҚМДБ ШҚО өкілдігі әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында дәстүрлі «Мектепке жол» атты акциясын өткізді.
Облыстық мешітте «Зекет және қайырымдылық» қоры өңірдегі өкілдігінің ұйымдастыруымен көпбалалы отбасылардың балаларына сертификат және киімдер табыс ету шарасы өтті. Тек осы әс-шарада 50 оқушыға сертификат үлестірілді.
«Зекет және қайырымдылық» қорының ШҚО өкілі Берік Кәдірұлы көпшілік алдында сөз сөйлеп, игі істің маңызына тоқталды.
Б.Кәдірұлы: «Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім мейірімділік жасамаса, оған мейірімділік етілмейді» деп өсиет еткен. Мұқтаж жандарға көмек қолын созу – адамгершілік парыз. «Мектеке жол» акциясын жыл сайын жасап келеміз. Оқушыларға жәрдем болсын ниетпен осынау көмекті өздеріңізге тарту етеміз» деп атап өтіп, оқушыларға жаңа оқу жылында табыс тіледі.
Б.Кәдірұлы сонымен қатар акция аясында өңір бойынша 1000 балаға оқу-құралы берілгендігін атап өтті. Игі бастама үшін ата-аналар өкілдікке ризашылықтарын білдірді. Өңірдің аудандарында акция жалғасып жатыр.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
furqan.kz
01.09.2022
3238
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру