Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарасай ауданындағы қарқынды жұмыстар

Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 01.09.2022 3165 0 пікір
Қарасай ауданындағы қарқынды жұмыстар

Алматы облысының бас имамы Мадияр Пірімқұлов Қарасай ауданында болды.

Алдымен бас имам аудан әкімінің міндетін атқарушы Қанат Сабырұлымен кездесіп, аудандағы діни ахуал мәселесін талқылады. Сондай-ақ шалғай ауылдағы мешіттер құжаттарының рәсімделуіне байланысты  бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.

Одан әрі бас имам «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылына орай Қарасай ауданының ерікті әрі белсенді жастарымен кездесті. «Білім – өмір шырағы» тақырыбы аясында кездесуде жастар белсенділік танытты. Сондай-ақ Мадияр Пірімқұлов аудандағы діни ахуалдың тұрақтылығын назарға алып, бірнеше мешіттің жағдайымен танысты. Қарасай аудандық орталық «Түркістан-1» мешітінің жамағатына сабырдың діндегі орны туралы насихат айтып, жергілікті жамағатпен жүздесті. Бұдан бөлек «Нұр-Отау» қарттар және зағиптар үйіне қайырымдылық көмек көрсетілді.

Іс-сапар барысында облыс имамы Алматы облысының бас имамы «Үшқоңыр» медресе-колледжінің ұлдар және қыздар бөлімінің ұжымымен арнайы  кездесіп, 50 дана Құран кітабын сыйға тартты. «Үшқоңыр» медресе-колледжінің директоры А.Амиров оқу орнының жұмысын және ұстаздарды жеке-жеке таныстырып, жоспарын бөлісті.

Іс-сапар соңында бас имам Шамалған ауылындағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында ауыл имамдармен жүздесті. Жиында аудан бойынша атқарылған жарты жылдық жұмыстың есебі тыңдалып, ұсыныстар айтылды. Облыс имамы Қарасай ауданындағы қарқынды жұмыстарға көңілі толып, жүйелі түрде қызмет атқарып жатқан аудан имамына оң баға берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру