Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау мешіттері 1000 баланы мектепке дайындады

Маңғыстау аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 01.09.2022 2466 0 пікір
Маңғыстау мешіттері 1000 баланы мектепке дайындады

Маңғыстау облысының мешіттері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жыл сайынғы дәстүрлі «Мектепке жол» акциясына үн қосты.

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлының бастамасымен жүзеге асқан «Мектепке жол-2022» шарасы Ақтау, Жаңөзен қалалары және Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының мешіттерінде өтті.

Дін қызметкерлері және еріктілердің ұйымдастыруымен жүзеге асқан қайырымдылық іс-шаралары барысында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 1000-ға жуық балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар салынған мектеп сөмкелері, сондай-ақ арнайы мектеп киімдері табыс етілді.

Ізгі шараларға қатысқан ата-аналар облыстағы барша дін қызметкерлеріне, демеушілерге шын жүректен шыққан шынайы алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру