Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Теміртау орталық мешітінде ата-аналармен рухани жүздесу өтті

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 01.09.2022 2446 0 пікір
Теміртау орталық мешітінде ата-аналармен рухани жүздесу өтті

Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінде сауат ашу курсына қатысқан бала шәкірттердің ата-аналарымен рухани кездесу өтті. 

Қаланың бас имамы Естай Айтуғанұлы және мешіттің имам-ұстаздарының ұйытқы болуымен өткен игі шарада ата-аналарға уағыз-насихат айтылып, балаларға арнайы сертификаттар табысталды.

«Жаңа оқу жылының қарсаңында өздеріңізбен жүздесуді жөн көрдік. Мешіт қашан да мұсылмандардың рухани азық алатын орталығы болып келген. Жүрегі мешітке байланған адамды Қиямет күні Алла Тағала панасына алады. Балаларымыздың әрдайым мешітке жақын болуы олардың болашақта жақсы азамат болып жетілуіне де көп септігін тигізеді» деді Естай Айтуғанұлы. Ал ата-аналар қауымы игі шарадан мол рухани әсер алып, мешіт ұжымына өз алғысын айтты. 

Айта кетсек, мешіттегі бір айлық «Имани жаз» курсынан бастау алған сауат ашу дәрістері ары қарай да жалғасын тапқан болатын. Мектептегі оқу маусымы басталғанға дейін мешіт ұстаздары балаларға Құран үйретіп, бүлдіршіндердің одан ары білімін жетілдіруіне күш салды. Сондай-ақ балдырғандардың ілімге деген сүйіспеншілігі мен құштарлығын арттыру мақсатында түрлі көңілашар шаралары ұйымдастырылып, спорттық ойындар өткізілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру