Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте Құран байқауының іріктеу сайысы өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 31.08.2022 3486 0 пікір
Шымкентте Құран байқауының іріктеу сайысы өтті

ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігінің ұйымдастыруымен Қаратау ауданының «Аңламас ата» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІ Республикалық байқауына іріктеу сайысы өтті.

Игі шараны Шымкент қаласының бас имам Бақдәулет Нұрматұлы ашып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Құран сайысына белгілі ұстаз Кәмілжан қари Юлдашұлы, «Ықылас» қарилар орталығының директоры Ықылас қари Майлан, Нұрсұлтан қари  Мамедалиев және Омар қари Сәлімбековтар төрелік жасап, наиб имам Мұхамеджан Естеміров пен  Исламқұл Иманқұлұлы жүргізіп отырды.  

Құранды нақышына келтіріп оқып, жеңімпаз атанғандар 4 номинация бойынша марапатталса, сайысқа ұзын саны 70 қари қатысты. 

Толық Құранды жатқа оқу бойынша жүлделі орын иегерлері:

1-орын Әбдіқадіров Гиесжан;

2-орын Әбдусаттар Умайр;

3-орын Еркінов Умар.

 

Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша:

1-орын Мырзахмет Махмуд;

2-орын Ғылман Мұхаммед;

3-орын Эминтаев Асадулла.

        

Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша:

1-орын Қайрат Сәрсенғали;

2-орын Шерханов Еркебұлан;

3-орын Азанханов Сардарбек.

        

Құранды мәнерлеп оқу бойынша:

1-орын Сағындық Ерасыл;

2-орын Қамбар Есенбеков;

3-орын Әлібай Нұрислам.         

Шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы жүлдегерлерге қаржылай сый-сыяпаты мен алғысхатын  табыстап, барлық қатысушыларға алғысын жеткізіп, төрт аталым бойынша бірінші орын алған жеңімпаздарға республикалық байқауға жолдама берілді. Сондай-ақ, игі шараға қаржылай қолдау көрсеткен  азаматтарға алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру