ҚМДБ Қарағанды облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІ республикалық байқауының іріктеу сайысы өтті.
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде өткен додалы жарыста Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша жолдама сарапқа салынды.
Әуезді Құран оқуымен басталған жарысты Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Нұржігіт Оразалыұлы жүргізіп отырды.
Облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы өз сөзінде Құранның қадір-қасиеті мен Құран жарысының маңызына тоқталып өтті. Құран жарысына қатысушы қариларға сәттілік тілеп, көрермен жамағатқа алғыс білдірді.
Іріктеу сайысына Қарағанды облысы бойынша жиырмаға жуық үміткер қатысты. Құран жарысының іріктеу сайысына Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Юсуф Шұғайұлы, «О.Есенұлы» атындағы қайырымдылық орталығының ұстазы Асқаров Тоқтар және қари Дәукен Қайырбай қазылық жасады.
Үміткер қарилар күні бойы Құран оқып, көрермендердің құлақ құрышын қандырып, жандарын илаһи нұрға бөледі.
Сайыс қорытындысының нәтижесінде толық Құран Кәрімнің 30 парасын жатқа оқу номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алған Майрамбай Әбдімәлік Мұратұлына ХІ республикалық Құран жарысының жолдамасын табыстады.
Тартысты өткен бәсекеде 4 номинация бойынша жүлделі орындарға ие болған қарилар қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Бұл жүлделерді ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы және қазылар алқасының мүшелері табыстады. Сондай-ақ, ХІ Республикалық Құран жарысына жолдама алған жеңімпаз қариларға сәттілік тіледі.
Жоғарыдағы 4 номинация бойынша жүлделі І орын иегерлері Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІ Республикалық Құран жарысына жолдама алды.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі
ihsan.kz
29.08.2022
3609
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру