Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШЫМКЕНТ: ТАЛАПКЕРЛЕР ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 29.08.2022 3442 0 пікір
ШЫМКЕНТ: ТАЛАПКЕРЛЕР ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ

Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент» медресе-колледжінде 2022-2023 жаңа оқу жылына талапкерлерді қабылдау емтиханы өтті.

Талапкерлерден емтихан алған арнайы комиссия құрамында ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлім меңгерушісі Смайыл Сейтбеков (төраға), Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов,  Шымкент қаласының бас имаы Бақдаулет Нұрматұлы, медресе-колледж директоры Талғат Әсембай болды.

Айта кетейік, аталмыш оқу ордасына 280 талапкер емтиханға қатысып, нәтижесінде комиссияның шешімімен 244 талапкер оқуға қабылданды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру