Ұлытау облысы Жезқазған қаласында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында 114 оқушыға оқу құралдары табысталды.
Ұлытау облысының бас имамы Елдос Қуандықұлының ұйытқы болуымен жүзеге асқан «Мектепке жол» шарасы Жезқазған қаласының орталық мешітінде өтті. Қайырымдылық іс-шарасы барысында дін қызметкерлері және «JYLY JUREK» қайырылымдылық тобы еріктілері әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 114 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар толтырылған мектеп сөмкелерін табыстады.
«Биыл Республика көлемінде Қазақстан мұсылманары діни басқармасының үндеуімен мыңдаған оқушының мектепке дайындалуына себепші болдық. Басты мақсатымыз – мына әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға барынша жанашыр болып, білімге құштар балапандарға қатарынан қалмайтындай мүмкіндік сыйлау. Ізгі шарамызға қолдау білдіріп, зор үлес қосқан мешіт жамағатына, «JYLY JUREK» қайырылымдылық қорына, қайырымды азаматтар мен еріктілерге алғыс білдіреміз. Алла баршамыздан разы болсын!» деді Елдос Қуандықұлы.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ұлытау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
28.08.2022
2888
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру