Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ҮШҚОҢЫР» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІ  ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі islamkaz.kz 28.08.2022 5738 0 пікір
«ҮШҚОҢЫР» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІ  ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Алматы облысында орналасқан «Үшқоңыр» медресе-колледжінде» талапкерлерді 2022-2023 оқу жылына қабылдау  емтиханы өтті.

Биылғы қабылдаудың ерекшелігі  оқуға түсуге ниеттенген талапкерлер санының көптігінде болды. Нақтырақ айтсақ, 241 талапкер оқуға құжат тапсырса, оның 120-сы ұл бала, 121-і қыз бала. Сондай-ақ 20-сы – үздік аттестатпен келген талапкерлер.

Емтихан қабылдау коммисиясы құрамында ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің маманы Жаңабай Маратұлы (төраға), «Қарасай батыр» мешітінің бас имамы Қуаныш Наржанов пен колледж директоры Абзал Майлыбайұлы, директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасары Бердімұрат Бекболат пен әдіскер Жабаров Әбдіманап, арнайы пән оқытушылары Хуат Хайрат, Төкеш Нұрғали мен Қиясбек Бақдаулет сынды ұстаздар болды.

Емтихан тест және сұхбаттасу арқылы жүргізілсе, 241 талапкердің ішінен 65 талапкер сүрінбей өтіп, студент атанды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру