Елорда тұрғындары үшін жағымды жаңалық! №43 автобус бағытын өзгертіп, Мәңгілік Ел даңғылындағы жаңа мешітке дейін қатынайды. Бұл туралы қаланың қоғамдық көліктері қызметіне жауап беретін «City Transportation Systems» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
«27 тамыздан бастап көліктік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында №43 бағдардың қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізілетінін хабарлаймыз. Енді бағдар Мәңгілік Ел даңғылындағы жаңа мешітке дейін жүретін болады. Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар» делінген баспасөз хабарламасында.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.08.2022
4871
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру