Түркістан облысы Жетісай аудандық орталық «Нұғман» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІ республикалық байқауының іріктеу кезеңі өтті.
Сайысты Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов ашып, Құран Кәрімді жаттау әрі амал жасаудың сауабы жөнінде кіріспе сөз сөйледі. Қасиетті Құран оқылып, батагөй ақсақал Оразқожа Бекахметов қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайыс 2 бөлімнен тұрып, алғашқы бөлімінде Құранды мәнерлеп оқу, 10 пара, 20 пара және толық Құранды жатқа оқу бойынша 100-ге жуық шәкірт сайысқа түсті. Екінші бөлімде іріктеуден өткен қатысушылар арасында жүлделі орындарға бақтарын сынады.
Құранның 20 парасын және толық жатқа оқу бойынша өңір бас имамы Еркебұлан Қарақұлов, Абдухафиз қари Хадыршаев және Нұрболат қари Қазыбеков қазылық жасады. Ал Құранның 10 парасы мен мәнерлеп оқу бойынша Шайхисмайлов Шавкат қари, Абдунайм қари және Ербол Шырынхан өз бағаларын берді.
«Құранды толық жатқа оқу» номинациясы бойынша:
1-орын – Уалихан Мансұрхан (Төле би ауданы);
2-орын – Еркінов Омар (Кентау қаласы);
3-орын – Эркинов Диярбек (Сарыағаш ауданы).
«20 пара» номинациясы бойынша:
1-орын – Игілік Исламнури (Түркістан қаласы);
2-орын – Эминтаев Асадулла (Түркістан қаласы);
3-орын – Нурлыев Слам (Түркістан қаласы).
«10 пара» номинациясы бойынша:
1-орын – Ирсдавлетов Юсуф (Түркістан қаласы);
2-орын – Сайдакбаров Хожиакбар (Түркістан қаласы);
3-орын – Абдукамалов Садриддин (Түркістан қаласы).
«Құранды мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша:
1-орын – Әмір Асылжан (Шымкент);
2-орын – Алмағанбетов Абылайхан (Төле би ауданы);
3-орын – Набижанов Омар (Сарыағаш ауданы).
Түйіндей келгенде әр номинация жеңімпаздары республикалық Құран байқауына жолдама алды және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Шара соңында облыс бас имамы Еркебұлан Қарақұлов сайысты жоғары деңгейде ұйымдастырған Жетісай ауданының имамы Жорабай Дулатбаев пен барша дін қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.



























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
yassi.kz
27.08.2022
4188
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру