Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мектепке жол: Сыр мешіттері 1700-ге жуық баланы қуантты

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 26.08.2022 2338 0 пікір
Мектепке жол: Сыр мешіттері 1700-ге жуық баланы қуантты

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры және Қызылорда облысы өкілдігіне қарасты мешіт имамдарының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.

Дәстүр бойынша жаңа оқу жылының қарсаңында өтетін республикалық шара аясында Сыр мешіттері биыл да қалыс қалмады. Мектепке қажетті құралдар мен киімдер шарықтаған шақта әлеуметтік жағдайы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға демеу болып, балаларға қуаныш сыйлауға асықты.

Нақтырақ айтар болсақ, өңірге қарасты Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Байқоңыр, Қызылорда қалаларында орналасқан құлшылық үйлерінде қызмет етуші имамдар мен белсенді азаматтар облыс бойынша 1700-ге жуық қызылордалық оқушыға оқу құралдарымен жабдықталған сөмкелер, кеңсе тауарлары дүкеніне сертификаттар мен киімдер түрінде көмек көрсетті.

Айта кетейік, былтыр бас имам Болатбек Ұласқанұлы бастаған қызылордалық дін қызметкерлері 1000-нан астам оқушыға қолдау білдірген болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру