Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Күршімде ҚМДБ құжаттары насихатталды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 26.08.2022 1826 0 пікір
ШҚО: Күршімде ҚМДБ құжаттары насихатталды

ҚМДБ Шығыс Қазақстан облысының бас имамы Ермек Қасболатұлы республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттарды насихаттау мақсатында Шығыс қазақстан облысы Күршім ауданына барды.

Ермек Қасболатұлы «Күршім аудандық мешітінде» ШҚО аудан-қала имамдарымен кездесі. Жиында имамдарға «Мұсылмандардың тұғырнамасы», «Зират және зиярат ету мәдениеті» «Имамдардың қызметтік әдебі»қатарлы құжаттар насихатталды.

 Бас имам: «ҚМДБ-дан қабылданған осы құжаттарды насихаттау аса маңызды. Әсіресе имамдардық қызметтік әдебін қатаң сақтап, рухани парасаттың үлгісі болуы тиіс. Имамдардың киім кию мәдениеті, сөйлеу әдебі, халықпен қарым-қатынасы дерліктей осы құжатта көрсетілген. Сондықтан осы құжатта айтылған мәселелерді имамдар жадында ұстауы керек. Өңірдің діни қызметкерлерлі аталған құжатты насихаттау ісіне белсенді атсалысу керек» дей келе, осы бағытта атқарылатын шаралар жоспарын таныстырып, жан-жақты насихттауды ауыл имамдарына тапсырды. Жиында имамдарға аталған құжаттар кітапша ретінде таратылды.

Сонымен қатар мешіттердің қысқа әзірлігі, уағыз-насихат шараларын жүйелі ұйымдастыру, сенбілік, жексенбілік дәрістер өткізу қатарлы шаруалар пысықталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру