Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысы: 1000 оқушыға оқу құралдары берілді

Алматы облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 25.08.2022 1800 0 пікір
Алматы облысы: 1000 оқушыға оқу құралдары берілді

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Мектепке жол» акциясы аясында Алматы облысы бойынша 1000 оқушы оқу құралдарымен жабдықталды.

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының ұйытқы болуымен жүзеге асқан «Мектепке жол» шарасы Қонаев қаласы мен өңірге қарасты бірқатар аудандардың мешіттерінде өтті. Қайырымдылық іс-шаралары барысында дін қызметкерлері және еріктілер әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 1000 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар салынған мектеп сөмкелерін табыстады.

«Биыл мыңдаған оқушының мектепке дайындалуына себепші болдық. Басты мақсатымыз – әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға барынша жанашыр болып, білімге құштар балапандарға жақсы көңіл-күй сыйлау. Ізгі шарамызға қолдау білдіріп, зор үлес қосқан «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы облысы бойынша өкілдігіне, қайырымды азаматтарға, жамағат пен еріктілерге алғыс білдіреміз. Алла разы болсын!» деді Мадияр Тағайбайұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру