Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Ерікті азаматқа ұмраға жолдама берілді

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 25.08.2022 2190 0 пікір
Алматы: Ерікті азаматқа ұмраға жолдама берілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы қаласындағы өкілдігі аталған қорға ерікті қызмет атқарып жүрген Ержан Хаметовке тосын сый ретінде ұмраға жолдама берді.

Алматы Орталық мешітінің бас имамы Төлеби Дәділұлы демеуші азаматтар көмегімен Ержан Хаметовке ұмра сертификатын табыстап, ақ жол тіледі. Тосын сыйды күтпеген Ержан Хаметов қатты қуанып, көз жасына ерік берді.

Бас имам «Зекет және қайырымдылық» қорының мұқтаж отбасыларды қуанту масқатындағы ауыр да сауапты қызметінде Алланың разылығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген ерікті азаматтарға алғыс айтты.

Ерікті азамат демеушілік көрсеткен жомарт жандар мен ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру