Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Құран байқауының жеңімпаздары анықталды

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 25.08.2022 2225 0 пікір
Ақтөбе: Құран байқауының жеңімпаздары анықталды

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің «Нұр Ғасыр» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХІ республикалық Құран байқауына Ақтөбе облысы бойынша іріктеу өтті.

Іріктеу байқауы Құран Кәрімнің 20, 10, 29-30 парасын және толық Құранды жатқа оқу және мәнерлеп оқу секілді 5 аталым бойынша ұйымдастырылды. Дәулет Қыдарбайдың әуезді Құран оқуымен басталған жарысты Қайырқожа мешітінің имамы Сұңғат Саметов жүргізіп отырды.

«Құран жаттау, оны үздіксіз оқып жүру – үлкен сауап. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Алланың шексіз рақымына бөленемін десеңдер, Құран оқылғанда, оған құлақ түріп, үнсіз тыңдаңдар!» – деген. Демек, осында жарысқа келіп, Құранды тыңдаудың өзі үлкен сауап және Алланың рақымын жақындатады», – деген Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы Алланың мұғжиза ретінде түсірген кітабының мәртебесін түсіндіріп, Құран байқауының маңызына тоқталып, сайысқа қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі.

Құран байқауының іріктеуіне облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы, облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің ұстазы Елмұрат Мырзабаев, Ақтөбе қаласындағы «Ақжар» қайырымдылық мекемесінің (қарилар орталығы) директоры Бекжан қари Әлденов қазылық етті. Іріктеуге Ақтөбе облысы бойынша 30-ға жуық үміткер қатысып, бақ сынады. ХІ республикалық Құран байқауының іріктеуінің жүлдегерлері төмендегідей марапаттарға ие болды:  

Жолдамалар:

Толық Құраннан жолдама – Ерәлі Құлмағанбетұлы;

10 парадан жолдама – Ислам Мұхтар;

Мәнерлеп оқудан жолдама – Дәулет Қыдырбай.

 

Құран Кәрімді жатқа толық оқу бойынша:

ІІ орын – Илияс Жаңбырбаев (150 000 теңге).

 

Құран Кәрімнің 29-30 парасын жатқа оқу бойынша:

І орын – Ербол Тұрмахан (50 000 теңге);

ІІ орын – Хасан Серікұлы (40 000 теңге);

ІІІ орын – Асқар Құрманалиев (30 000 теңге).

 

Құран Кәрімді мәнерлеп оқу бойынша:

ІІ орын – Әбілқайыр Сүйіндіков (40 000 теңге);

ІІІ орын – Бекжан Дәуренбекұлы (30 000 теңге).

Жоғарыдағы 3 аталым бойынша жолдама алғандар 2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХІ республикалық Құран байқауында Ақтөбе өңірінің атынан бақ сынайды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру