Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Үздік қарилар республикалық байқауға жолдама алды

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 25.08.2022 2114 0 пікір
Атырау: Үздік қарилар республикалық байқауға жолдама алды

ҚМДБ Атырау облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен ХІ республикалық Құранды жатқа және мәнерлеп оқу байқауының іріктеу кезеңі өтті.

Қайрош қажы Қуанұлының рухына арналған облыстық Құран жарысында жеңімпаздар 4 номинация бойынша бақ сынасты. Әділ қазылар сайысқа қатысушыларды жан-жақты бағалап шешім шығарды.

Сайыс нәтижесіне келсек, «Құранды мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша 3-орынды Саламат Насихатұлы, 2-орынды Қадір Жұмабекұлы еншіледі. Жүлделі бірінші орынмен республикалық байқауға Арман Жамбылұлы жолдама алды.

«Құранның 10 парасын жатқа айту» номинациясы бойынша 3-орын Ғалымжан Жұмажанұлына, 2-орын Абулсайд Талғатұлына бұйырды. 1-орынды Айбар Асылбекұлы қанжығалап, байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.

«Құранның 20 парасын жатқа айту» номинациясы бойынша 2-орын Халмадұлы Заһидке, 1-орын Ералыұлы Әбілхайырға бұйырды.

«30 пара» номинациясы бойынша Еркебұлан Жақсылықов үздік деп танылып, байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.

Барлық қатысушыларға қаржылай сертификаттар мен дипломдар табысталды. 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру